$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақтандағы тергеу органдарында бейнебақылау камералары орнатылады

Камераның бейнежазбаларын адвокаттар, жәбірленушілер, күдіктілер, айыпталушылар, сот және басқа органдар дәлел ретінде пайдалана алады

Қазақтандағы тергеу органдарында бейнебақылау камералары орнатылады
Фотоколлаж Azattyq Rýhy

Бас прокуратураның бастамасы бойынша қылмыстық қудалау органдары полицияның пенитенциарлық мекемелері мен қызметтік үй-жайларында, сондай-ақ құқық қорғау органдарының барлық жедел-тергеу бөлімшелерінде бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Камера дәретхана бөлмелеріне ғана орнатылмайды. Ал қалған жерлерге, атап айтсақ, орган мекемелеріне келетін адамдардың жүретін жерлерінде, режимдік кабинеттерге түгел бақылау камералары орнатылмақ.

“Нақты уақыт режимінде бейнежазбаларды қашықтан қарауға мүмкіндік бар және заң бұзылып, соның жолын кесуге құқығы бар адамдардың тізімі жасалады. Бұл шаралар Қазақстан ратификациялаған азаптауға қарсы халықаралық актілерге сәйкес келеді және тергеудің рұқсат етілмеген әдістеріне қарся бағытталған”, - деп хабарлады Бас прокуратурадан.

Атап өткеніміздей, бейнежазбаларды адвокаттар, жәбірленушілер, күдіктілер, айыпталушылар, сот және басқа органдар дәлел ретінде пайдалана алады.

Серіктес жаңалықтары