$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысында жолаушылар пойызы локомотивпен соғысып, рельстен шығып кетті

Апатқа қатысты жедел штаб құрылды

Ақтөбе облысында жолаушылар пойызы локомотивпен соғысып, рельстен шығып кетті
t.me/qr_tjm

Ақтөбе облысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті. Бұл туралы облыстық ТЖД мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін 5 наурыз күні сағат 10.30-да Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бершүгір т/ж станциясында алдын ала мәліметтер бойынша жолаушылар пойызы маневрлік локомотивпен соғылған. Салдарынан «Бішкек-Самара» бағытымен жүретін № 317 жолаушылар пойызының тепловозы, № 1 вагоны және № 2 жолаушылар пойызының үш доңғалақты жұбы рельстен шығып кетті. Оқиға орнына Қазавиақұтқару тікұшағы ұшып шығып, құтқару бөлімшелері жіберілді және ҚТЖ қалпына келтіру пойызы жөнелтілді», - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша рельстен шығып кеткен пойызда 200-ден астам адам болған (Қырғызстан, РФ және Қазақстан азаматтары, ҚТЖ қызметкерлері). Жолаушылар зардап шекпеген, олар пойыздың басқа вагондарына орналастырылды.

Апатқа қатысты жедел штаб құрылды. Оқиғаның себебі анықталуда.

Серіктес жаңалықтары