05.03.2023, 15:23
Жаңалықтар
Шавкат Рахмонов UFC-дің «жыл жекпе-жегі» үшін рекордтық деңгейде гонорар алды
Рахмоновтың бұл жекпе-жегінің жалпы ақысы 161 500 долларды құрады
Фото ашық дереккөзден
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) америкалық Джефф Нилді (15-5) жеңгені үшін рекордтық гонорар алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Sports.kz-тің жазуынша, Рахмоновтың бұл жекпе-жегінің жалпы ақысы 161 500 долларды құрады (30 000 - кепілдендірілген төлем, 6 000 — демеушілік бонус, 25 500 — Нилдің 30% ақысы, 100 000 – «кештің ең мықты жекпе-жегі» үшін екі есе бонус).
Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов үшінші раундта Джефф Нилді қылқындыру әдісімен жеңді және кәсіби мансабында он жетінші жеңіске жетті (UFC-де бесінші).
UFC комментаторлары трансляция кезінде бұл жекпе-жекті бірнеше рет «Жыл жекпе-жегі» деп атады.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты