$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда екі тұрғын үй кешенін салған компания басшысы мен өкілдері қамауға алынды

Тергеу органдары істің мән-жайын анықтау үшін барлық шараларды қолдануда

Алматыда екі тұрғын үй кешенін салған компания басшысы мен өкілдері қамауға алынды
Фото ашық дереккөзден

Алматыда «Үш қоңыр» және «Весновка» тұрғын үй кешені бойынша санкциялар берілді. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Полиция «Үш қоңыр» және «Весновка» тұрғын үй кешені үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы (алаяқтық) бойынша қылмыстық істі тергеп-тексерілуде. Алматы қаласының прокуратурасы тергеу органының «Lider Group Consalt» ЖШС директоры мен бірқатар тұлғаларын күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхатын қолдады», - делінген хабарламада.

Алматы қаласының тергеу сотының санкциясымен 2 ай мерзімге күзетпен ұстауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, тергеу органдары істің мән-жайын анықтау үшін барлық шараларды қолдануда және прокуратураның бақылауында.

Серіктес жаңалықтары