$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қырғызстан аумағында болған жер сілкінісі Алматыда сезілді

Бүгін түнде екі бірдей жер сілкінісі тіркелді

Қырғызстан аумағында болған жер сілкінісі Алматыда сезілді
Фото ашық дереккөзден

Алматыдан 279 км қашықтықта болған жер сілкінісінен қалада 2 балдық тербеліс сезілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісінің ақпаратына сәйкес, бірінші жер сілкінісі 27 ақпанда Алматы уақытымен 03.42-де тіркелді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 12,2. MPV тербелісі – 5,9. Тереңдігі – 15 шақырым.

«Жерасты дүмпуі Алматыда МSК-64 шкаласы бойынша 2 балл деңгейінде сезілді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай Халық Республикасының шекарасында 05.58-де тағы бір жер сілкінісі тіркелді.

Энергетикалық санаты – 12,1. MPV тербелісі – 5,6. Тереңдігі – 10 шақырым.

Алматыда жерасты дүмпуі сезілген жоқ.

Айта кетсек, 26 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 15:59-да Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 858 шақырым жерде Ауғанстан аумағында жер сілкінісі тіркелді.

Серіктес жаңалықтары