26.02.2023, 11:56
Жаңалықтар
Алматы, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облысында су тасқыны болуы мүмкін
Аталған өңірлердегі өзендерде су деңгейі көтерілу қаупі бар екені ескертілді
фото: ҚР ТЖМ
Алматы облысы, Жамбыл облысы, Жетісу облысы және Түркістан облысында өзендерде су деңгейі көтеріліп, тасқын болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
«27 ақпанға дейін Түркістан, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарында және Алматы қаласы маңындағы аймақтарда жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі қатты жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағындының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді