23.02.2023, 22:24
Жаңалықтар
Әскери саладағы оқытушылар мен дәрігерлердің жалақысы өседі
Әуе күштері ұшқыштарының да жалақысы көтеріледі
Фото ашық дереккөзден
Биыл әскери саладағы қызметшілердің жалақысы өседі. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Әуе күштері ұшқыштарының жалақысы көтерілді. Сонымен қатар, биыл әскери саладағы профессор-оқытушылар құрамының жалақысы азаматтық жоғары оқу орындарының деңгейіне дейін көтеріледі», - деді Сұлтан Қамалетдинов Сенатта тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, әскери дәрігерлердің де жалақысын көтеру қарастырылып, бұл бастамаға қолдау жасалған. Осы орайда қызметкерлердің айлық табысы 30 пайыздан жоғары деңгейде өседі.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
