23.02.2023, 20:15
Жаңалықтар
Батыс Қазақстанда апатты жағдайда қонған тікұшақтағы 4 адам қаза тапты
Тағы 2 адам зардап шекті
Фото ашық дереккөзден
Батыс Қазақстан облысының аумағына шұғыл қонған тікұшақтағы 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Азаматтық авиация комитеті таратқан соңғы мәліметке сенсек, Төтенше жағдайлар министрлігінің іздеу тобы тікұшаққа жеткен.
Апаттан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті.
Азаматтық авиация комитеті тікұшақ қатты қонған кезде қаза тапқан азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаментінің қызметкерлері оқиға орнына барады», - делінген комитет хабарламасында.
Бұған дейін «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы Батыс Қазақстан облысы аумағына апатты жағдайда қонуға мәжбүр болғанын жазған болатынбыз.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
