1,5 млрд теңге шығын келтірген: ҚТЖ басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды
Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді
«Қазақстан темір жолы» АҚ орталық аппаратының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық іс кәсіпкерлікке кедергі келтіру дерегі бойынша қозғалған.
«Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен Бас көлік прокуратурасы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру фактісі бойынша «ҚТЖ» АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады. Арызға сәйкес келтірілген алдын ала залал 1,5 млрд теңгеден астам сома ретінде көрсетілді», - делінген ведомство хабарламасында.
Тергеу процесі прокурорлары тобының басшылығымен жүргізіліп жатыр.
«Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - делдінген хабарламада.