$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ардагерлерге партиялық жобаның жұмысы таныстырылды

Партияның қалалық филиалының төрағасы ардагерлермен жүздесті

Ардагерлерге партиялық жобаның жұмысы таныстырылды
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

«AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында кездесу өтті. Жиын аясында партияның қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов ардагерлермен жүздесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жиын барысында ардагерлерге филиал тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен сайлауалды бағдарлама түсіндірілді.

«AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасы «Халықпен бірге!» деп аталады. Бұл – ойдан құрастырылған құжат емес, қоғамда әбден қайнап, пісіп-жетілген проблемаларды шешудің нақты жолы, нақты жоспары. Өткен жылы партия өкілдері өңірлерде, ауыл-аймақта мыңдаған кездесу өткізіп, тұрғындардан 200 мыңнан астам ұсыныс-пікір жинады. Оның барлығы мұқият сарапталып, егжей-тегжей зерттеліп, Сайлауалды бағдарламаға түгелдей еніп отыр», – деді Бахадыр Мәдәліұлы.

Жиынға қатысқан ардагерлер белсенділік танытып, өзекті мәселелер бойынша сауалдарын қойды. Соңында қариялар партия филиалының төрағасы Бахадыр Мәдәліұлына алғыс айтып, ыстық лебіздерін білдірді.

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары