Қазақстанда 32 мыңнан астам көлік заңдастырылды – ІІМ
Шетелден әкелген көлігін заңдастыру үшін өтініш бергендердің саны екі есе көп
23 қаңтардан бері Қазақстанға шетелден әкелінген 32 002 көлік еліміздің мемлекеттік тіркеу нөмірін алды. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің таратқан ақпаратынан белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру науқаны жалғасып жатыр. Қазірге дейін 73 748 азаматтың өтініші мақұлданып, көліктері тексеруден өтті. Ал заңдастырудан өтіп, Қазақстанның мемлекеттік тіркеу нөмірін алған көліктер саны – 32 002»- деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 23 қаңтарында Қазақстанда шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру бойынша бір реттік науқан басталған болатын. Науқан аясында 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге кірген көліктер заңдастыруға жатады.