Елімізде 25 азаматқа «Болашақ» стипендиясы берілді
Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша 555 адамға стипендия бөлінді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша барлығы 555 стипендия, оның ішінде магистратураға 395, резидентура және докторантураға 50, тағылымдамадан өтуге 110 стипендия бөлінді.
«Отырыста шетелде тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» стипендиясын тағайындау мәселесі де қаралды. Комиссия шешіміне сәйкес 25 азаматқа стипендия берілді”, - делінген хабарламада.
Айта кету керек, «Болашақ» бағдарламасының стипендиясын алуға құжат тапсыру биылғы жылдың қыркүйек айына дейін жалғасады.
Жиын соңында Ерлан Қарин бірқатар нақты тапсырма берді.