$ 497.89  525.12  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бағдарламамен пәтер алып беремін»: Алматыда жұртты алдап келген күдікті ұсталды

Ол бұл қызметі үшін әр клиенттен 300 мың теңгеге дейін ақша алған

«Бағдарламамен пәтер алып беремін»: Алматыда жұртты алдап келген күдікті ұсталды

Алматыда тұрғындарды мемлекеттік бағдарламамен арзан үй алуға көмектесемін деп сендірген азамат ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Әккі әрекетке барған Б. есімді азамат 31 жаста. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр. 

«Ол мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтерлерді сату туралы ақпарат таратқан. Алдын ала төлем сомасы қолжетімді болған – 50-ден 300 мың теңгеге дейін. Ал тиісінше, қымбат емес баспананы алғысы келетіндер де жеткілікті болған. Бірақ ақшаны алғаннан кейін іскер азамат байланысқа шығуды тоқтатқан. Біздің бөлімшенің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады және ұстады. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында ұсталған азаматтың осыған ұқсас 10 эпизодқа қатыстылығы анықталды», – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.

Полиция алданған азаматтардың саны бұдан да көп болуы мүмкін деп отыр. Сондықтан осы адамның суретіне мұқият қарап, оны таныған жағдайда мына телефондар арқылы хабарласуға шақырады: 8-707-447-07-50; 8-701-707-77-10; 8-747-699-70-02.

Серіктес жаңалықтары