16.02.2023, 13:27
Жаңалықтар
Тәжікстанда қар көшкіні салдарынан 15 адам қаза тапты
Оқиғаны Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің баспасөз орталығы растады
Фото ашық дереккөзден
Тәжікстанда қар көшкіні салдарынан қаза тапқандар саны 15 адамға жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТАСС-қа сілтеме жасап.
Оқиғаны республика үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің (ТЖК) баспасөз орталығы растаған.
«15 ақпанда қар көшкіні салдарынан еліміздің әртүрлі аймақтарында зардап шеккендер саны 15 адамға дейін өсті», - деп хабарлады баспасөз орталығы.
Бұған дейін 14 адамның қаза тапқаны туралы хабарланған.
Тәжікстанның Таулы-Бадахшан автономиялық облысының Хорог қаласы мен Вандж ауданында 14 адам қаза тапқанын, тағы біреуі - Душанбе-Варзоб автожолының 65 шақырымында көз жұмағанын хабарланды.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды