$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ҚР ОСК «Ауыл» партиясының тізімін тіркеді

«Ауыл» партиясының тізімінде 25 адам бар

ҚР ОСК «Ауыл» партиясының тізімін тіркеді
Фото: election.gov.kz

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында 2023 жылғы 19 наурызға белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының тізімін тіркеу мәселесі қаралды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов «Ауыл» партиясының тізімінде 25 адам бар екенін айтты. Тізімдегі 10 адам – әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар, бұл жалпы тізімдегілердің 40%-ын құрайды. Партиялық тізімге енгізілген барлық адам Конституцияның және «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді.

Партиялық тізім ұсынған саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясының шотына партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. 2021 жылғы қаңтарда өткен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында «Ауыл» партиясы сайлаушылардың 5,29% дауысын жинады, осыған байланысты ол сайлау жарнасын төлеуден босатылады.

Еске сала кетейік, 19 қаңтарда Президент Мәжілістің VII шақырылымын тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы шығарды. Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда бір күнде өтеді.

Серіктес жаңалықтары