$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.02.2020, 11:49
Жаңалықтар

«Алматы-1» вокзалының аумағын жеке тұрақтар жайлаған

Жүргізушілер жеңілдік сұрап отыр

«Алматы-1» вокзалының аумағын жеке тұрақтар жайлаған
Фото: видеокадр

Көлігіңізді автотұраққа бес минутқа қаңтарсаңыз да, 300 теңге төлейсіз. Бұл - қаладағы ірі темір жол вокзалы клиенттерінің төлейтін бағасы, деп хабарлайды Almaty.tv.

Автотұрақ әкімшілігі аталған жерді он жыл бұрын сатып алғанын жеткізді. Айтуынша, халық қызмет көрсету мақсатында алған  жердің құжаттары заңды, салығын уақытылы төлеп, бағаны да өзіміз қоямыз дегенді алға тартты.  

«Біздің жекеменшік жеріміз болғаннан кейін өзіміз бұйрық шығарып тіркейміз. Мемлекеттік акт, әкімнің қаулысы бізде бар», - деді автотұрақ қызметкері Айдос Ағаділов. 

Ал Түрксіб ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы Рүстем Әріпбаевтың айтуынша, жер жекеменшікте болғандықтан, мемлекеттік органдар кәсіпкерлік заңның 12-бабына сәйкес олардың қызметіне тікелей араласа алмайды.

«Бүгінге дейін аудан әкімінің аппаратына тегін болсын деген сияқты арыз-шағым талаптар келіп түскен емес. Арыз-шағым болған  жағдайда, сол арыз-шағымның негізінде біз аталған автотұрақтың иесімен сөйлесуге әрқашанда дайынбыз», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары