ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

ДСМ: Үкіметтің коронавирус бойынша шұғыл отырыс өткізгені туралы хабарлама – фейк

Хабарламада оқушылар мен студенттер демалысқа ертерек жіберілетіні туралы айтылған

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан азаматтарына Үкіметтің коронавирус бойынша шұғыл отырыс өткізгені туралы жалған хабарламаға сенбеуге шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгінгі таңда әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджерінде ҚР Үкіметі коронавирус бойынша шұғыл отырыс өткізгені туралы ақпарат тарап жатыр. Онда Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирус тарау мүмкіндігін жоққа шығармайтыны, оқушылар мен студенттер демалысқа ертерек жіберілетіні туралы айтылған. Сонымен қатар барлық мемлекеттік орган қызметкерлері маскамен жүріп, қоғамдық орындар тексеріле бастайтыны жазылған. Денсаулық сақтау министрлігі бұл хабарламаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді», - деп жазылған хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, коронавирус инфекциясының Қазақстанда таралмауы үшін қажетті шаралар қабылданып жатыр.

«Қазақстан азаматтарын жалған ақпараттарға сенбеуге шақырамыз. Барлық ресми ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларында бар», - дейді Министрлік өкілдері.