29.02.2020, 10:59
Жаңалықтар
Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды
Қаржы пирамидасынан зардап шеккен азаматтар кез келген қалалық полиция бөліміне хабарласа алады
Фото: ашық дереккөзден
Ақтөбеде «Выгодный займ» серіктестігінің құрылтайшысы Ж. Есіркепов ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбе облыстық ПД өкілдерінің хабарлауынша, күдіктіге қатысты тергеу басталған және кез келген адам арыз жаза алады.
«Ж.Т. Есіркепов 22 ақпаннан бастап Қылмыстық кодекстің «Қаржы пирамидаларын құру және басқару» бабы бойынша күдікке ілініп, мемлекетаралық іздестіруде болды. Іздеу жұмыстары нәтижесінде күдікті ұсталды. Қаржы пирамидасынан зардап шеккен азаматтар кез келген қалалық полиция бөліміне хабарласа алады», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
