$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жауын-шашын, тұман, көктайғақ: Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Сонымен қатар бірқатар таулы аймақта жаңбыр жуады деп болжанған

Жауын-шашын, тұман, көктайғақ: Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
фото: turkystan.kz

Қазгидромет синоптиктерінің болжамынша еліміздің оңтүстік өңірінде күн жауын-шашынды болады, ал шығыста қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескертуі жарияланады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, күндіз солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Жел шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың орталығында күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертен Атырау облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20, түнде облыстың батысында кей уақытта 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Семей, Өскемен және Риддер қаласы бойынш, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.

15 ақпанда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында, 16-17 ақпанда таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі, таулы аудандарда арты қарға ауысады. Облыстың оңтүстігінде тұман. 15-17 ақпанда облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ. Оңтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, 14 ақпанда күндіз тау асуларында, 15-16 ақпанда облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с, 17 ақпанда батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарда 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с.

13 мен 15 ақпан аралығында Түркістан облысында, 14 мен 15 ақпан аралығында Жамбыл және Алматы облыстарында жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағындының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ауа райы