$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Петропавлдағы оқиға: Қазақстанның барлық мектебінде қауіпсіздік жүйесі тексеріледі

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады

Петропавлдағы оқиға: Қазақстанның барлық мектебінде қауіпсіздік жүйесі тексеріледі
Фото ашық дереккөзден

ҚР Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша Петропавл қаласындағы мектепте болған оқиғаға қатысты комиссия құрылды. Оның құрамында балалардың құқықтарын қорғау Комитеті, білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының өкілдері бар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін орнатылған бейнебақылау камералары мен дабыл түймесі жұмыс істейді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сонымен қатар облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларына еліміздің барлық жалпы білім беретін мектебінде қауіпсіздікті тексеру жұмысы тапсырылды.

Тақырыпқа орай: «Дәретханадан пышақ пен балта ұстап шықты». СҚО-да үш оқушыны жаралаған бала жайлы тың мәлімет шықты

Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылдың 30 наурызында білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Министрлік білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітті.

Серіктес жаңалықтары