Испанияда медицина саласына көңілі толмағандар жаппай наразылыққа шықты
Ол билікті медицинаны жекешелендіріп алды айыптап отыр
Наразылық білдіруге жиналғандар Мадридтің автономды қоғамдастық үкіметін басшылықтағы консерватор Изабель Диас Аюсомен қоса айыптады,деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап.
«Қазіргі жағдайда жұмыс істеу мүмкін емес. Мұның бәрі азаматтардың, пациенттердің қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді», - деді Amyts вице-президенті Шейла Хусто.
Жаппай наразылықты ұйымдастыруға 74 қоғамдық топ пен қозғалыс қатысты.
Наразылық білдірушілер миллиондаған жергілікті тұрғынды емдейтін дәрігер жоқ екенін айтып, билікті медициналық қызмет көрсету саласын жекешелендіріп алды деп айыптайды.
Испанияда бұл сектор бюджетінің көп бөлігін аймақтық үкіметтер басқарады. Ресми мәліметтерге сәйкес, Мадридте демонстрацияға 250 мың адам қосылған, ұйымдастырушылар наразылық білдірушілердің саны 1 миллион болғанын айтады.
Ал Изабель Диас Аюсо барлық айыптауды жоққа шығарады.