12.02.2023, 14:33
Жаңалықтар
Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі ұсталды
Ермек Имантаев лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді
Ақтөбе облысының экс-әкімі қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу сотының 10 ақпандағы қаулысымен Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыс жасады деп күдіктінің И. ісіне қатысты (лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану) 2023 жылғы 8 сәуірге дейін екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді», – делінген соттың баспасөз таратқан хабарламасында.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды