$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркияның Хатай провинциясында үйінді астынан қазақстандықтың денесі табылды

Қазақстандық құтқарушылар барынша тиімді жұмыс істеуде

Түркияның Хатай провинциясында үйінді астынан қазақстандықтың денесі табылды
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қазақстандық құтқарушылар Түркияның Хатай провинциясында үйінді астынан жерлесіміздің денесін тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан құтқарушылары Хатай провинциясындағы ең күрделі учаскелердің бірінде іздеу жұмыстарын жалғастыруда.

Іздеу объектісі - толығымен қираған алты қабатты үй, үйіндінің көлемі 18 мың м3 асады.

Жедел ақпарат бойынша қазіргі уақытта Қазақстанның бір азаматының денесі табылып, үйінді астынан шығарылды.

Құтқарушылардың жұмысы көптеген үйінділермен, тұрақсыз құрылымдармен күрделене түседі. Қазақстандық құтқарушылар барынша тиімді жұмыс істеуде.

Бұған дейін біздің құтқарушыларымыз осы объектіде Түркияның екі азаматының денесін тапқан болатын.

Серіктес жаңалықтары