$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Петропавлда өртенген үйден 8 газ баллоны шығарылды

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ

Петропавлда өртенген үйден 8 газ баллоны шығарылды
СҚО ТЖД баспасөз қызметі

Петропавлда жеке тұрғын үй өртеніп, жанған үйден 8 газ баллоны шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент мәліметінше, Петропавлдағы 1-Заречная көшесі, 20 мекенжайы бойынша жеке үйде өрт шыққандығы жөнінде хабар «101» қызметіне сағат 9.03 минут кеткенде түскен. Өрт сөндірушілер жеткен кезде тұрғын үйден шыққан жалын жақын маңдағы екі шаруашылық ғимаратына да жайылып үлгерген екен. Сөндіруге 8 арнайы техника мен жеке құрамның 25 маманы жұмылдырылды.

Жеке секторда үйлердің тығыз орналасуы өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатты. Сондай-ақ жақын маңдағы үйлерге тарау қаупі жоғары болды.

Өртті сөндіру барысында мамандар үйден 8 газ баллонын шығарып үлгерді.

Сағат 10.05 кеткенде өрт толық сөндірілді. Тұрғын үй мен бір шаруашылық ғимаратына зақым келсе, екіншісі толық жанып кетті. Бірақ көрші үйлер мен қора-қопсыға жіберілмеді. Өрттің жалпы ауданы 120 шаршы метрді құрады.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен келген шығын мөлшері анықталуда.

Серіктес жаңалықтары