Бүгін еліміздің бірқатар аймағында қар, кей өңірде жаңбыр жауады
Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі

Синоптиктер 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстан басым бөлігі әлі де антициклон мен соған байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болғандықтан тұрақсыз ауа райы сақталады. Республикамыздың солтүстік жартысында қар жауып, жаяу бұрқасын, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр түрінде жауын-шашын болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, оңтүстік-батыста – көктайғақ, күндіз оңтүстікте, батыста, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнайды.
Астанада көшпелі бұлт шығады, кейде қырбақтап қар жауады. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 15-17 градус аяз болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Кейде тұман түседі. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 аяз, күндіз 3-5 градус жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8-13, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 12-14 градус жылы болады.