08.02.2023, 08:43
Жаңалықтар
Доллар тағы құлдырады: 8 ақпандағы валюта бағамы қандай
Ұлттық банк сәрсенбіге арналған валюта бағамын жариялады
Фото ашық дереккөзден
Қазақстанның Ұлттық банкі 8 ақпанға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни сәрсенбіде доллар бағамы тағы бір теңгеге арзандап, 456,98 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 457,7 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 6,45 теңге болды.
Қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 457 теңгеден сатып алынып, 461 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 457 теңгеден сатып алынып, 460 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
- USD / KZT – 456,98 (АҚШ доллары)
- EUR / KZT – 489,43 (еуро)
- RUB / KZT – 6,45 (ресейлік рубль)
- TRY / KZT – 24,27 (түрік лирасы)
- CNY / KZT – 67,33 (қытай юані)
- KGS / KZT – 5,3 (қырғыз сомы)
- UZS / KZT – 4,04 (өзбек сомы).
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды