$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды

Құтқарушыларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы учаске бекітіледі деп күтілуде

Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Түркияға аттанған қазақстандық құтқарушылар Газиантеп қаласына қонды. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Келесі кезең жеке құрамды, техника мен жабдықты түсіру, сондай-ақ жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау болады. Құтқарушыларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы учаске бекітіледі деп күтілуде.

Еске сала кетейік, ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.

Айта кетейік, Түркия мен Сирияда жойқын жер сілкінісінен 5 мыңға жуық адам қаза болды.

Серіктес жаңалықтары