$ 494.84  537.4  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты тергеу жүргізілмейді – Әшімбаев

Спикер бұл тақырыпты талқылауды доғару керектігін айтты

Сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты тергеу жүргізілмейді – Әшімбаев
Фото ашық дереккөзден

Сенаттың жалпы отырысының кулуарында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мұнда Сенат тергеу жүргізе алмайды және жүргізбейді. Жалпы бұл заңға сәйкес келмейді. Менің ойымша, бұл жағдайға қатысты туыстары мен дәрігерлері жағдайды өздері анықтаған шығар. Себебі (өлімі-ред.) айтылған болатын. Сондықтан, мен бұл мәселені талқылауға болатын себепті көріп тұрған жоқпын. Бұл жағдайда біз туыстары мен балаларының жағдайын ойлауымыз керек. Мен мұнда дәрігерлер тиісті қорытындыны шығарды деп ойлаймын. Бізде оған күмәндануға негіз жоқ. Құрметті әріптестер, бұл тақырыпты жабайық. Адамгершілік жағынан осылай дұрыс болады», - деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, сенатор «анафилаксиялық шоктан» қайтыс болған еді.

Серіктес жаңалықтары