02.02.2023, 12:16
Жаңалықтар
Жылу құбыры жарылып кетті: Талдықорғанда 70-ке жуық көпқабатты үй жылусыз қалды
Желтоқсан мен Медеу көшелерінің қиылысында жылу құбыры жарылды
Талдықорғанда жылу құбыры жарылып, 67 көпқабатты үй жылусыз қалды. Төтенше жағдай таңға жуық болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Оқиға орнында жарылған құбырды дәнекерлеу жұмысы жүріп жатыр.
«Желтоқсан мен Медеу көшелерінің қиылысында жылу құбыры жарылып, қазір 28 адам жөндеу жүргізіп жатыр. Құбырдан бүгін таңғы сағат 06:00 шамасында ақау шыққан. Қазір 67 көпқабатты үй жылусыз қалды. Біздің жоспарымыз бойынша түстен кейін ақау жөнделіп, жылу үйлерге беріледі», - деді Талдықорған қаласы әкімі баспасөз қызметінің өкілі Мәди Шакенов.
Ведомство өкілінің мәліметінше, Талдықорған қаласындағы жылу қазандықтарының барлығы штатты режимде жұмыс істеп тұр.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді