$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Украинадағы соғыс туралы жазған: қазақстандық басылым Ресейдің сотына шақырылды

Бұл Ресей тарапынан жасалған алғашқы қысым емес

Украинадағы соғыс туралы жазған: қазақстандық басылым Ресейдің сотына шақырылды
Фото ашық дереккөзден

Қазақстандық Arbat.media басылымы Украинадағы соғыс туралы мақала жазғаны үшін Ресейдің Владимир қаласындағы Ленин аудандық сотына шақыртылды. Қарсы тараптан арыз беруші – Ресей армиясының 19-әскери прокуратурасы, 56680 әскери бөлімшесі. Сот отырысы 17 ақпанға белгіленген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Басылым таратқан ақпаратқа сүйенсек, шақырту қағазында «Роскомнадзордың Владимир облыстық басқармасы басылымдағы Украинадағы соғыс туралы шындыққа сәйкес келмейтін және саяси мәндегі қоғамдық маңызды ақпарат жайлы жалған мәлімет барын анықтады» деп жазылған.

Өз кезегінде Arbat.media бұл айыппен келіспейтінін бірден мәлімдеді. Бұл Ресей тарапынан жасалған алғашқы қысым емес. Сөз бостандығына кедергі келтіріп қана қоймай, Украинадағы жағдай туралы жазған мәліметтерді өшіртуге тырысады. Осыған дейін Ресейдің ақпараттық технология және бұқаралық байланыс саласын бақылайтын федерациялық қызметі (Роскомнадзор) бірнеше қазақстандық басылымнан Украинадағы соғыс туралы материалдарын алып тастауды талап еткен.

Серіктес жаңалықтары