01.02.2023, 12:53
Жаңалықтар
Жетісу облысында кәсіпкерлерге жарнама үшін негізсіз салық есептелген
Өңірдің 125 кәсіпкеріне сыртқы жарнама үшін салық заңсыз қосылған
Фото ашық дереккөзден
Өңірде сыртқы жарнама туралы заңнаманы қолданудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингінің нәтижелері бойынша облыстың 125 кәсіпкеріне сыртқы жарнама үшін салықтарды заңсыз есептеу анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Мәселені зерделеу барысында осы салықтарды төлемегені үшін облыстың мемлекеттік кіріс органдары жылжымалы және жылжымайтын мүлікке заңсыз тыйым салғаны, сондай-ақ кәсіпкерлердің банктік шоттарын бұғаттағаны анықталды.
Жетісу облысы бойынша Антикормен кешенді іс-шаралар өткізілгеннен кейін Мемлекеттік кірістер басқармасы жарнама үшін бұрын есептелген салықтардың күшін жойып, кәсіпкерлердің мүлкіне барлық тыйым салуды алып тастады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы