31.01.2023, 08:44
Жаңалықтар
Доллар әлі де арзандап жатыр: 31 қаңтарға арналған валюта бағамы қандай
Ұлттық банк сейсенбіге арналған валюта бағамын жариялады
Фото: Zakon.kz
Қазақстанның Ұлттық банкі 31 қаңтарға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни сейсенбіде доллар бағамы тағы арзандап, 459,92 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 460,43 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 6,62 теңге болды.
Қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 458,5 теңгеден сатып алынып, 462 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 458 теңгеден сатып алынып, 461 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
- USD / KZT – 459,92 (АҚШ доллары)
- EUR / KZT – 501,31 (еуро)
- RUB / KZT – 6,62 (ресейлік рубль)
- TRY / KZT – 24,46 (түрік лирасы)
- CNY / KZT – 62,09 (қытай юані)
- KGS / KZT – 5,34 (қырғыз сомы)
- UZS / KZT – 4,06 (өзбек сомы).
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге қарызы бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 23:47
Ақтөбелік әйел қытайлық күйеу жігітін алдап 30 миллион теңге мен алтын алған: полиция істі тоқтатты
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 15:20
Қызылодада мас ер адам қыздарды қорғаған жас жігітті пышақтап тастады
23.11.2026, 18:45
Домбыраны өз бетінше үйренген чилилік Мария Аргентина Муниос
