$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін еліміздің кей өңірінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады

Республиканың оңтүстігінде жауын-шашын жауады

Бүгін еліміздің кей өңірінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады
Фото ашық дереккөзден

Синоптиктер 31 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Еліміздің басым бөлігі антициклон ықпалында болатындықтан көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстік өңірлерде солтүстік циклон жырасына байланысты аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республиканың оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады, жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Астанада жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел секундына 1-6 метрге жетеді. Күндіз -11-13, түнде -25-27°С болады.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел секундына 0-5 метр. Күндіз +2+4, түнде -4-6°С болады.

Шымкентте жаңбыр жауады, жел секундына 5-10 метрге жетеді. Күндіз +7+9, түнде -1+1°С болады.

Серіктес жаңалықтары