Алматыда қаржы пирамидаларына 3 жарым мың адам алданды
Былтыр қалада 8 қаржы пирамидасының жұмысы тоқтатылып, оның 6-уына қылмыстық іс қозғалған

Былтыр Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Алматы қаласының аумағында Innova Gold, QOZGAN, the Finiko, Grand lux house, Tender, Альфа Сейлс Консалтинг, Forex клуб, Rich Beach секілді 8 қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Бұл туралы Экономикалық тергеу департаментінің өкілі Жақсылық Мырзахан Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ӨКҚ спикері ҚР қылмыстық кодексінің 217 - бабымен қаржы пирамидалары бойынша қозғалған 6 қылмыстық іс сотқа жолданғанын мәлім етті. Бұл «Caspian Crocus», «The Finiko», «World Business Consulting» - (2 қылмыстық іс), «Qozgan Inc», «B2B Jewelry» компаниялары.
Бұл қаржы пирамидаларының қызметінен 3500-ден астам азамат зардап шекті.
«Qozgan Inc» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқталды.
Ұйымдастырушылар азаматтарға өздерінің ақшалай қаражаттарын тендерлік жобаларға салуды ұсынған Олар 105 күн ішінде салым сомасының 5-30 пайызға дейін еселеп қайтаруға болады деп сендірген.
Салымшылардың жалпы саны 50-ден астам адамды құрайды, келтірілген залал сомасы 270 млн теңгеден асты.
Сондай-ақ, құрамында алтын элементтері бар алтын құймалары мен косметикалық өнімдерді сататын интернет-дүкен ретінде жасырынған "Innova Gold" қаржы (инвестициялық) пирамидасын ұйымдастырушыға қатысты сотқа дейінгі іс жүргізу тергеліп жатыр.
«Innova Gold» ұйымдастырушылары азаматтардың сеніміне кіріп, жобаға шақырған. Қаражат салғаны үшін бонустар есептеуге, сондай-ақ егер клиент өзімен бірге басқа салымшыларды алып келген болса, жобадағы рөлін ілгерілетуге уәде берген. Азаматтардың салған ақшалай қаражаты «Innova Gold» сайтындағы салымшының жеке кабинетінде көрсетілді, алайда сайт пайдаланушылары өз қаражаттарын іс жүзінде қолма-қол ақшаға айналдыра алмады» - деді Экономикалық тергеу департаментінің өкілі Жақсылық Мырзахан.
Экономикалық тергеу қызметінің қабылданған шаралардың нәтижесінде, қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың банк шоттарына, жылжымалы және жылжымайтын мүліктеріне тыйым салынды. Мысалы, "World Business Consulting" қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс бойынша сегіз жәбірленушіге келтірілген 34 255 155 теңге сомасында залал өтелді.
«B2B Jewerly» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс бойынша 230-дан астам жәбірленушіге 300 млн теңге сомасына залал өтелген. 2,2 млрд теңге сомасына мүлікке тыйым салынды.
«Қазіргі уақытта қаржы пирамидалары бастапқы кезеңде жою үшін шаралар қолдануда. Жарқын мысал – «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесі арқылы интернет кеңістігінде сайттарды, аккаунттарды және жарнамалық сілтемелерді бұғаттау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. 2022 жылы 396 интернет сілтемелері бұғатталған болатын», - деп хабарлады Жақсылық Мырзахан.