Астанада көлік тізгіндеген оқушының видеосы әлеуметтік желіде таралды
Көлік иесі екі бап бойынша жауапқа тартылды

Елорда көшелерінің бірінде көлікті оқушы баланың тізгіндеп бара жатқан сәтін тұрғындардың бірі видеоға түсіріп алды, жеп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Автордың айтуынша, Exeed маркалы автокөлігін басқарған оқушы бала жанында кетіп бара жатқан Renault көлігін соға жаздаған.
Белгілі болғандай Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкеркерлері 45 жастағы көлік иесін анықтады.
«Ол ҚР ӘҚБтК-нің 612-баптың 5-бөлігі бойынша «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Астана тұрғынына 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды», - делінген хабарламада.