29.01.2023, 09:41
Жаңалықтар
Ақтөбеде оқушы қарда жүретін көлікпен адамдарды қағып, 40 жастағы әйелді мерт қылды
Осы оқиғадан кейін 6 адам ауруханаға түсті
фото: ҚР ІІМ
Ақтөбеде демалыс базасының бірінің аумағында қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ІІМ мәліметінше, 28 қаңтарда сағат 15:30-да демалыс базасының аумағында 2007 жылы туылған кәмелетке толмаған азамат қарда жүретін Lynx автокөлігін жүргізіп келе жатып, жабдықталған қар сырғымасының жанында тұрған бір топ адамды қағып кетті.
Оқиға салдарынан 40 жастағы әйел қайтыс болды, 49 жастағы ер адам мен бес кәмелетке толмаған бала, оның ішінде бір жасар бала медициналық мекемеге жатқызылды.
Аталған факті бойынша Ақтөбе облысы полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр.
Көп оқылған
17.10.2026, 13:01
Талдықорғанда TikTok-та балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды
17.10.2026, 06:19
Атырау вокзалында жұмысшы бес метр биіктіктен құлаған: жағдайы ауыр
17.10.2026, 07:16
Тұман, көктайғақ және үсік: барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
17.10.2026, 21:17
Астанада әйелді жұмыс орнына дейін аңдыған мас еркек 10 тәулікке қамалды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды