Алматыдағы «Шымбұлақта» өрт шықты
Мамандар өрттің шығу сеебптерін анықтауда

Алматыда «Шымбұлақ» курортында орналасқан Oblaka мейманханасынан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, өрт таңғы сағат 05:30-да «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортындағы «Oblako» мейрамханасында тұтанған. Тілсіз жау шамамен 800 шаршы метр аумақты шарпыған.
Өрт сағат 08:05-те оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ, өрт кезінде барлығы эвакуацияланды. Арнайы өрт техникасына арналған кірме жолдардың болмауына байланысты қызыл жалын ішкі өртке қарсы крандар арқылы өшірген.
«Өртті сөндіруге күштер мен құралдардың жетіспеушілігінің объективті себептеріне байланысты негізгі күштер оттың көрші объектілерге таралуына жол бермеуге бағытталды. Қабылданған шаралардың арқасында «Шымбұлақ» ТШК гондолды жолына оттың таралуына жол берілмеді. Өртті жою суды қарға айналдыратын қар генераторларының екі желісінен жүргізілді», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.