29.01.2023, 09:04
Жаңалықтар
Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктердің болжамынша бірнеше өңірде тұман түсіп, бұрқасын болады
Фото ашық дереккөзден
«Қазгидромет» Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
29 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі.
Көп оқылған
17.10.2026, 13:01
Талдықорғанда TikTok-та балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды
17.10.2026, 06:19
Атырау вокзалында жұмысшы бес метр биіктіктен құлаған: жағдайы ауыр
17.10.2026, 21:17
Астанада әйелді жұмыс орнына дейін аңдыған мас еркек 10 тәулікке қамалды
17.10.2026, 07:16
Тұман, көктайғақ және үсік: барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды