$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Антикор жанындағы қоғамдық кеңес 2,1 млрд қаржының жөнсіз жұмсалғанын анықтады

Бұл туралы қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Башимов мәлім етті

Антикор жанындағы қоғамдық кеңес 2,1 млрд қаржының жөнсіз жұмсалғанын анықтады
Фото: kazpravda.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің жанынан құрылған Қоғамдық кеңес мемлекеттік сатып алу саласында 2,1 миллиард теңге қаражаттың жөнсіз жұмсалғанын анықтаған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Қоғамдық кеңестің қоғамдық мониторингі кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру сатысында 2,1 млрд теңге көлеміндегі қаражат жөнсіз жұмсалғаны анықталды», - деп мәлімдеді кеңес төрағасы.

Жалпы, қоғамдық кеңестің атқаратын жұмысына байланысты кеңес ішінен үш комиссия құрылған. Атап айтсақ, қазір кеңесте  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру жөніндегі комиссия, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жетілдіру және бюджеттік бағдарламалардың мониторингі жөніндегі комиссия және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі комиссия жұмыс істейді.

«2022 жылы Агенттік қабырғасында 4 және 14 сырттай отырыс өткізіліп, Агенттіктің заңнамалық бастамалары, оның ішінде Төраға бұйрықтары мен Үкімет қаулыларының 17 жобасы талқыланды»,- дейді Башимов.

Серіктес жаңалықтары