$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әлеуметтік желі қолданушылар саны 4,74 млрд-қа жетті

Өткен жылғы көрсеткіш бойынша 16-64 жас аралығындағы әр адам күніне 2 сағат 28 минутын желіде өткізеді

Әлеуметтік желі қолданушылар саны 4,74 млрд-қа жетті
Фото ашық дереккөзден

2022 жылдың үшінші тоқсанындағы Datareportal.com мәліметіне сүйенсек, әлемде әлеуметтік желілер бойынша желі қолданушылар саны 4,74 млрд-қа жетті. Сондай-ақ, тоқсан үшін 0,7% және 4,2% құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy kapital.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Шын мәнінде, бұл көрсеткіштер жердегі барлық адамдардың 59,3% -на тең.

Әлеуметтік желі пайдаланушылар арасында 13 жастан асқан адамдарды қоса алсаңыз тіпті 75,9%-ды құрайды, яғни төрт адамның үшеуі желіде отырады деген сөз. Әлеуметтік желіні интернетке қол жеткізе алатын адамдардың 93,4% - ы пайдаланады.

Әлеуметтік желі қолданушыларының көпшілігін ер адамдар (54%), ал әйелдер сәйкесінше 46%-ды құрайды.

2022 жылдың үшінші тоқсанындағы көрсеткіш бойынша 16 жастан бастап 64 жасқа дейінгі әр адам әлеуметтік желіде күніне орта есеппен 2 сағат 28 минут өткізді (1 минутқа бір жыл бұрынғыдан көп). Әлеуметтік желіде ең көп уақыт өткізетін Нигерия тұрғындары болды. Олар күніне 4 сағат 20 минут телефонда отырады. Одан кейінгі орында Бразилия мен Оңтүстік Африка (3 сағат 44 минут), Филиппин (3 сағат 42 минут), Колумбия (3 сағат 35 минут). Әлеуметтік желілерде ең аз уақыт өткізетін жапониялықтар (күніне 49 минут), сондай-ақ Оңтүстік Корея тұрғындары(1 сағат 11 минут) және австриялықтар (1 сағат 30 минут).

Көптеген адамдар әлеуметтік желіні туыстары, достарымен сөйлесу үшін пайдаланады.Олардың үлесі 47%. Ал, 35,4% адамдар бос уақытты толтыру үшін пайдаланса, 34,6% өзіне керек білім алып, жаңалық оқиды. Адамдардың 28,7%  әлеуметтік желі арқылы әлемде не болып жатқанын түсінгісі келеді. Пайдаланушылардың тағы 27% - ы әлеуметтік желілерден шабыт пен жаңа дүние іздейді, 26,2% - әртүрлі тауарларды іздейді және сатып алуды көздейді.

Жоғарыда көрсетілген есептеулер тек интернет қолданушыларының санына байланысты шығарылған.

Әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі - Facebook: 2,9 млрд пайдаланушысы бар. Одан кейін Youtube және WhatsApp. Аталған желілерді 2,5 миллиард және 2 миллиард адам қолданады.

Көшбасшылардың бестігіне Instagram (1,4 миллиард қолданушы) және WeChat (1,3 миллиард қолданушы) кіреді.

Ең көп сұранысқа ие тізімде Tik Tok, Facebook, Messenger, Telegram, Қытай Douyin, Kuaishou, Sina Weibo және басқалары болды. Сонымен қатар, белсенді пайдаланушылардың ең сүйікті желісі WhatsApp қосымшасы болды.

Егер пайдаланушылардың күнделікті уақытының ең көп бөлігін алатын желілерді қарасаңыз YouTube көшбасшылық етеді. Орта есеппен айына 23,4 сағат. TikTok-та пайдаланушылар айына 22,9 сағат, Facebook - 19,7 сағат, WhatsApp - 17,3 сағат, Instagram - 11,7 сағат, Line - 11 сағат, Twitter - 5,5 сағат, Telegram - 4 сағат, Facebook Messenger және Snapchat-тың үлесіне 3,1 сағат тиесілі.

Серіктес жаңалықтары