$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Гүлназ Қасымова: Парламент сайлауы – саяси реформаларды қамтамасыз етудің тетігі болмақ

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері пікір білдірді

Гүлназ Қасымова: Парламент сайлауы – саяси реформаларды қамтамасыз етудің тетігі болмақ
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Парламенттің төменгі палатасының құрамын ауыстыру туралы шешім конституциялық реформалар кезеңінінде қоғамның ендігі Мәжіліс жұмысынан зор үміт күттіретінін білдіреді. Президент жанындағы Қазақстан саяси зерттеулер институты Әлеуметтік зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Гүлназ Қасымова осындай ойын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазіргі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер кезінде саяси партиялар қоғамдағы өзгерістердің агенті бола алады. Ал әртүрлі мүдделерді ескеріп, көшбасшы ғана партиялардың басымдығын болдырмау үшін жаңа партияларды тіркеу шегі төрт есе, яғни 20 мың адамнан 5 мың адамға дейін азайды. Соның нәтижесі ретінде елімізде екі жаңа партия - «Respublica» және «Байтақ» партиялары тіркеліп отыр», - дейді Қасымова.

Оның айтуынша, тіркелген жаңа екі партия мүлде екі түрлі ортаның мүддесін қорғайды. Мәселен «Байтақ» партиясы Қазақстанда тіркелген алғашқы экологиялық партияның бірі.

«Сонымен қатар бұл сайлауда әйелдер мен жастарға 30% квота беріліп отыр. Осылайша, алдымызда болатын Мәжіліс сайлауы саяси өзгерістер мен азаматтық қоғамның әртүрлі топтарының мүддесін қорғайды деуге болады», - деп сөзін түйіндеді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы жетінші шақырылымдағы Мәжілісті тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы шығарды. Мемлекет басшысы 2023 жылғы 19 наурызға Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын белгіледі.

Өз кезегінде ОСК мәлихат депутаттарын сайлау күні де 19 наурызға белгіленгенін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары