$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шетелдік көліктерді заңдастыруға байланысты ХҚО-лардың жұмыс уақыты ұзартылды

Орталықтар 2023 жылдың 6 ақпанына дейін адамдарды қабылдайтын болады

Шетелдік көліктерді заңдастыруға байланысты ХҚО-лардың жұмыс уақыты ұзартылды
Фото ашық дереккөзден

2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысы сағат 20-00-ге дейін ұзартылды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомстводан хабарлағандай, осы кесте бойынша орталықтар 2023 жылдың 6 ақпанына дейін адамдарды қабылдайтын болады, қандай да бір өзгеріс болып жатса, ол жайында қосымша хабарланады.

«Шетелдік автомобильдерді заңдастырудың екінші күні өтіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, 5 836 өтінім мақұлданды, оның ішінде 333 қазақстандық мемлекеттік нөмірлік белгілер мен техпаспорттар алды», - деп мәлімдеді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер, басқаруы оң жақтағы автокөліктер заңдастыруға жатады.

Серіктес жаңалықтары