$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Петропавлда екі бала иіс газынан уланып қалды

Қазір олар облыстық ауруханада жатыр

Петропавлда екі бала иіс газынан уланып қалды
СҚО ТЖД баспасөз қызметі

Петропавлда пештің қақпағы жабық қалуы салдарынан екі бала иіс газынан уланып қалды. Қазір олар облыстық ауруханада жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Жазатайым оқиға 23 қаңтарда Подгора шағын ауданында болған.

«23 қаңтар күні сағат 20:30-да облыстық өрт сөндіру қызметінің 101 телефонына 2015 жылғы ұл мен 2018 жылы туған қыздың жеке үйде уланып қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Олар дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір олардың жағдайы орташа ауыр», - деді Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Аслан Ахметжанов.

Балалардың қасында олардың 30 жастағы анасы болған, бірақ ол зардап шеккен жоқ.

Ересектер қатты отынмен жұмыс істейтін пештің қақпағын жауып тастағандықтан балалар уланған. Тексеру кезінде өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылғаны анықталды. Пештің жанында отын кептірілген, жанғыш материалдар жақын жерде сақталған.

Серіктес жаңалықтары