Семейде ойын-сауық орталығы мен қонақ үй салынып, аспалы көпір қайта жаңғыртылады
Бұл өңірдің кешенді жоспарына еніп отыр
Үкімет отырысында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев облысты дамыту туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
“Туризм саласында 41 млрд теңгеге 6 іс-шараны іске асыру, оның ішінде сауда ойын-сауық орталықтары (Семей қаласында – 3,7 млрд. теңге), қонақ үй кешені (Семей қаласында – 24 млрд. теңге) және Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс базасын салу (6,1 млрд. теңге)”,- деді ол.
Ол атағандай, халықаралық көлік дәліздерінің байланыстырушы буындарын ашу және облысымыздың транзиттік-көлік инфрақұрылымын дамыту үшін кешенді жоспарға 137,8 млрд теңгеге 9 іс-шара енгізілген.
«Аягөз-Бақты-Қытай шекарасы» учаскесінде теміржол салу, құрғақ порт пен логистикалық парк құру, Ертіс өзені арқылы өтетін автогуж көпірін, Семей қаласындағы аспалы көпірді қайта жаңарту, 2 мың шақырымға жуық автожолдарды жөндеу. Осылайша, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 82%-дан 98%- ға дейін артады»,- деді ол.