23.01.2023, 10:08
Жаңалықтар
Сирияда бес қабатты тұрғын үй құлап, ондаған адам қаза тапты
Алдын ала болжам бойынша, тұрғын үйдің іргетасын су шайған
Сирияның сотүстігіндегі Алеппо провинциясында тұрғын үй опырылып түсіп, кем дегенде 16 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасай отырып, ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды.
Тағы бірнеше адам түрлі жарақат алып, ауруханаға түскен.
Шейх-Максуд ауданында орналасқан бұл бесқабатты үйде көбіне күрд ұлтының өкілдері тұрған. Тұрғын үйдің іргетасын су шайып, оған шыдамаған ғимарат құлап түскен. Жергілікті ішкі істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, үйде 7 отбасы тұрып келген.
«Сана» мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, құтқарушылар әлі аман қалғандарды іздестіріп жатыр.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды