$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шекарадағы 12 өткізу пунктінде электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесі іске қосылды

Енді жүргізушілер мобильді қосымша арқылы жол жүру үшін бос күн мен уақытты өздері таңдайды

Шекарадағы 12 өткізу пунктінде электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесі іске қосылды
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы 12 өткізу пунктінде электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ЕАЭО-ның сыртқы шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстанның кедендік шекарасындағы 12 өткізу пунктінде электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесінің пилоттық іске қосылды.

Өткен жылдың 23 қарашасында Qoldau.kz («cargoruqsat» мобильді қосымшасы) сайтында «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ платформасында «Достық авто» өткізу пунктінде электрондық кезек жүйесін енгізу бойынша алғашқы пилоттық жоба іске қосылды. Содан бастап бұл жүйені 4,2 мыңнан астам пайдаланушы пайдаланды, брондауға байланысты 28 мыңнан астам операция жасалды.

«Электрондық кезек жүйесін құрудың мақсаты көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың өткізу пунктіне кіру кезектілігін қалыптастыру процесінің ашықтығы мен цифрландырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ елдің транзиттік-көліктік және экспорттық әлеуетін арттыру болып табылады. Бұл жүйе барынша ыңғайлы және ашық болып табылады, жүргізуші көрсетілген порталда тіркелгеннен кейін немесе мобильді қосымша арқылы жол жүру үшін бос күн мен уақытты таңдайды. Бұл ретте жүргізуші өз кезегі туралы СМС-хабарлама алады», - делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.

Уақытша схемамен және электрондық кезекті енгізу мерзімдерімен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми интернет-ресурстарында және веб-сайт CargoRuqsat.kz танысуға болады.

Электрондық кезек енгізілетін өткізу пункттерінің тізімі:

1) Темір-Баба (Маңғыстау облысы);

2) Нұр Жолы (Жетісу облысы);

3) Тәжен (Маңғыстау облысы);

4) Жібек Жолы (Түркістан облысы);

5) Целинный (Түркістан облысы);

6) Сырдария (Түркістан облысы);

7) Б. Қонысбаев (Түркістан облысы);

8) Майқапшағай (Шығыс Қазақстан облысы);

9) Қалжат (Алматы облысы);

10) Қазығұрт (Түркістан облысы);

11) Атамекен (Түркістан облысы);

12)  Бақты (Абай облысы).

Серіктес жаңалықтары