$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үйдене гидроқұрылысы мен Самар ауданындағы бөгетке қатысты қауіп бар – Даниал Ахметов

Соған байланысты мамандар аймақтағы жүзден астам гидротехникалық құрылысты тексеріп шығады

Үйдене гидроқұрылысы мен Самар ауданындағы бөгетке қатысты қауіп бар – Даниал Ахметов
фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны қаупі бар. Қазірдің өзінде бірнеше су қоймасы арнасынан асып, төгіле бастаған. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін коммуналдық қызметтер мен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерімен су тасқыны кезеңі бойынша кеңес өткіздім. Аймағымыздың кейбір аудандарында қар қалыңдығының биіктігі 115 сантиметрге, ал мұздың қалыңдығы 70 см-ге жетеді. Жарылыс жұмыстарын қажет ететін жерлер қазірдің өзінде анықталған, сондықтан ең жоғары кезеңде оларға алаңдамау үшін тендерлік процедураларды алдын-ала жүргізу маңызды», - деді облыс әкімі.

Даниал Ахметовтың айтуынша қаңтар айының соңынан бастап авиавизуалды, сондай-ақ барлық 131 гидротехникалық құрылысты тексеру басталады.

«Зайсан ауданындағы Үйдене гидроқұрылысы мен Самар ауданындағы бөгетке қатысты қауіп бар. 10 күн ішінде барлық деңгейдегі әкімдер қай жерде қандай проблемалар бар екені туралы ақпарат жинақтап беруі қажет. Каналдарды, ағындарды, су өткізгіш құрылыстарды, көпірлер мен жолдардың астын тазалау басталды. 130 мың текше метрден астам қар шығарылды. Төтенше жағдайлар мобильдік бригадалары барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған, эвакуациялық пункттер дайындалып, айқындалған. Тоғыз су қоймасы төгіле бастады», - деді аймақ басшысы.

Бұған қоса қар қалың түскен Шемонаиха, Глубокое, Ұлан аудандары мен Алтай ауданындағы жағдай да алаңдаушылық туғызады.

Серіктес жаңалықтары