Алматыда зират маңынан жер сатып алған тұрғындар оны пайдалана алмай отыр
Жақында Алматыдағы 30 зират жабылады

Алматыдағы 70 зираттың 30-ы жабылады. Сондай-ақ, қазір тағы 2 бейітті жабу бойынша қаулы шыққан. Бұл туралы Алматы қаласы әкімнің орынбасары Асқар Амрин айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Алматы әкімі Ерболат Досаевпен кездесуге келген Алтатау ауданының тұрғындары зираттардың жабылуын сұрады.
«Мәселен, «Рахат» шағын ауданында екі зират бар. Санитарлық нормаға сәйкес тұрғындар бұл жер телімдерін пайдалана алмай отыр. Өтініш, зираттарды жапсаңыздар»,- деді қала тұрғыны.
Ал қала әкімі зират толығымен қаланың балансына өтпей ешнәрсе жасалынбайтынын айтты.
«Көптеген зираттар қаланың балансына өтпеген. Біз қадамды рет-ретімен жасаймыз. Алдымен, қаланың балансына өткіземіз, сосын техникалық бағалаудан өтеді. Содан кейін ғана зираттың жабылуы туралы қаулыны шығара аламыз. Сондықтан, дәл қазір қаланың балансына өтпеген зираттар бойынша шешім қабылдай алмаймын»,- деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.