$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бірде-біреуінде музыка, спорт, қолөнер мектебі жоқ»: Алматыда балаларға арналған тегін  үйірмелер қашан ашылады?

Қалада балаларға арналған үйірмелердің жұмысын ұйымдастыруға биыл 16,2 млрд теңге бөлінген 

«Бірде-біреуінде музыка, спорт, қолөнер мектебі жоқ»: Алматыда балаларға арналған тегін  үйірмелер қашан ашылады?

Алматының шеткі ауданы саналатын Алатау ауданының тұрғындары балаларға арналған тегін үйірменің жоқ екенін айтып шағымданды. Тұрғындар базынасын қала әкімі Ерболат Досаевтың аудан тұрғындарымен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Алатау ауданында 23 ықшамаудан бар. Бірде-біреуінде музыка, спорт, қолөнер мектебі жоқ. Оның бәрін қала орталығына тасу мүмкін емес. Сондықтан «Артспорт» мәселесін шешіңіздер»,-деді аудан тұрғыны.

Әкім балаларға арналған үйірмелердің жұмысын ұйымдастыруға биыл 16,2 млрд теңге бөлінгенін айтты.

«Мен өз баяндамамда жазға дейін жаңа ғимарат ашылатынын айттым. Балалардың баратын жері болады. Күн сайын 5 мың бала деген аз емес. Енді «Артспорт» мәселесі бойынша, QR-код болады. Өткен жылы Алматы қаласына 20 млрд теңге бөлдік. Оның 2,5 млрд теңгесін ұрлап кетті. Қазір сот істері болып жатыр. Баланың болғанын тексеру үшін QR-код керек. Балабақшалар да жаңа технология бойынша жұмыс істеп жатыр. Ешкім шағым айтқан жоқ. Осы жылы қалаға 16 млрд 200 миллион теңге бөлінді, Алатау ауданына 2 млрд 300 миллион теңге бөлінді»,-деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Серіктес жаңалықтары