18.01.2023, 09:48
Жаңалықтар
Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, біреуі көпірден құлап кетті
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр
Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, біреуі көпірден құлап кетті. Бұл туралы Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«18 қаңтар күні сағат 00.30 шамасында Ақтөбеде Заречный кентінің көпірінде Lexus көлігінің жүргізушісі Қарғалы тұрғын алабы маңынан жүре отырып, жылдамдықды сақтамай, Subaru көлігімен соқтығысып қалды. Салдарынан Lexus көпірден құлап кетті. Жол апатынан Lexus жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Оқиға орнын тексеру барысында жол бойында көктайғақ жоқ екені анықталды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді